Күйеуі әйелін хиджаб кимегені үшін өлтіреді деген әнші бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жаңалықтар
505

"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр" деген әнші Ұланғасыр Қамиге бас бостандығынан айырылу қаупі төнді, деп хабарлайды madeniportal.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Басы дауға қалған әншінің сөздеріне құқықтық баға берілмек. Қоғам белсендісі Саида Сисембаева ішкі істер министрлігіне әншінің үстінен арыз түсірген. Белсенді Қами қылмыстық кодекстің 174 бабын бұзды деп санайды. Яғни әлеуметтік, гендерлік, діни алауыздықты қоздырған. Әрі мұны әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты ақтау әрекеті деп атады.

Заңгер Нұрболат Ибраев тәртіп бәріне ортақ болғандықтан, танымал тұлғалардың да жауапқа тартылғанын көрсеткен дұрыс дейді. Сөзінше, бұл көпшілікке сабақ болады.

“Өткенде әртістеріміз – Қайрат Нұртас болсын, басқаның болсын жазаға тартылғанын  көрсетіп жатқаны өте дұрыс. Себебі адамдар “бұдан құтылып кетуге болады ғой, басқа тәсілдері бар” деген ойдан аулақ болып, қандай да бір әкімшілік, қандай да бір заңға қайшы әрекет жасағанда, оған тиісті жаза бар екенін біледі”, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Актер Уәлибек Әбдірайымов өнердегі інілерінің тәртіп бұзып, жаза арқалауы ел талқылайтын, дүрлігетін дүние емес деп санайды. Сөзінше, мемлекетте одан да маңызды мәселелер бар. 

“15 жылға қамалып шыққан адам сияқты. Енді бір сұмдық. Адамның күлкісі келеді. 15 күнге қамалып шығып келе жатса, алдынан әке-шешелері күтіп жатыр. Бір соғыстан зардап шегіп, осы Қазақстан үшін жанын пида қылғандай. Немесе ұшақта төбелесіп, сол ұшақтағы террористтерді ұстап содан қамалған баланы шығарғандай. Құқық қорғау органы ортақ екенін бір білдіріп қойды. Заң ортақ. Тәртіп бұзбау керек”, – деді өнер иесі Уәлибек Әбдірайымов.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...