Алматыда 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, аман қалды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1774

Tengrinews.kz хабарлауынша, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттағы терезеден құлап, тірі қалған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, құлаған сәтте қыз іш киіммен болған. Көршілердің сөзінше, оқиға алдында ол пәтерде құрбысымен бірге болған және, болжам бойынша, алкоголь ішкен.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға байланысты тергеу бастаған.

 «Өзін-өзі өлтіруге оқталу дерегі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мысыр астанасы Каирдің батысында болған жол апатынан кемінде 10 адам көз жұмып, тағы 24 адам жарақат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Германияда қымбатшылыққа, білім саласындағы мәселелерге және міндетті әскери қызметті қайта енгізу ы...