Ақтауда дәрігерлер баланың асқазанынан тиынды алып шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Маңғыстауд...
Жастар наразылыққа шығып, кей қалаларда полициямен қақтығысты
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Германияда қымбатшылыққа, білім саласындағы мәселелерге және міндетті әскери қызметті қайта енгізу ықтималдығына қарсы жастар шеруі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
31 қазанда елдің 30-дан астам қаласында ондаған мың адам көшеге шыққан. Наразылық акцияларының басым бөлігі бейбіт өткенімен, кешке қарай бірқатар қалада тәртіпсіздік тіркелді.
Шеруге «Gen Z regelt» жастар бастамасы шақырған. Қатысушылар мектептерге бөлінетін қаржыны көбейтуді, баспананың қолжетімді болуын және күнделікті тұрмыс шығындарының өсуіне қарсы шаралар қабылдауды талап етті. Сондай-ақ олардың талаптары арасында психологиялық көмекке қолжетімділікті арттыру, әлеуметтік әділеттілік пен климатты қорғау мәселелері бар.
Жастардың алаңдауына әскери шығындардың артуы да себеп болған. Наразылық білдірушілер әскер қатарын толықтыруға арналған ерікті қызметтің жаңа үлгісі кейін міндетті әскери қызметті қайтаруға жол ашуы мүмкін деп қауіптенеді.
Кельнде кейбір қатысушылардың бетін тұмшалап, пиротехника қолдануына байланысты жоспарланған шеру жалғаспаған. Қалалық полицияның мәліметінше, жиын аяқталғаннан кейін қызметкерлерге шабуыл жасалып, тәртіп сақшылары су атқыш көліктерді қолданған.