Зардап шеккендер бар: Петропавлда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Фото: Петропавловск.news

ЖАҢАЛЫҚТАР
848

Петропавлда Партизанская және Горький көшелерінің қиылысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты. Екі адам зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 8:00 шамасында болған.

«Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ автобус жолаушыларының бірі медициналық көмекке жүгінді, бірақ оған ауруханаға жату қажет болмады. Алдын ала мәлімет бойынша екі жүргізуші де сау. Жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті полиция департаменті. 

Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болған: жеңіл көлік автобус кабинасының астына кіріп кете жаздаған. Оқиға орнында түсірілген суреттерден көліктің алдыңғы бөлігі қатты зақымданғанын көруге болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...