Қар, көктайғақ және -18 градус аяз: қарашада ауа райы қандай болады?

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
154

«Қазгидромет» қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бірінші онкүндіктің соңына қарай күн суыта бастайды. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Айдың екінші жартысында солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал оңтүстікте күндіз сынап бағаны +15 градусқа дейін көтеріледі.

Жалпы, қарашада ел аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градус жоғары болады деп болжанып отыр.

Шоу-бизнес

Тележүргізушілер Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкейдің қыз ұзату рәсімінде ән айтуы әлеуметтік желіде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты тергеу жүрі...