Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы х...
Алматыда 400 тонна түрлі өнім ұсынылған жәрмеңке өтіп жатыр
ашық дереккөзден алынған
1255
Мегаполисте кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Алматыда Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан келген тауар өндірушілердің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде жалпы көлемі 400 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім түрі ұсынылған, оның ішінде:
- ет өнімдері – 120 тонна,
- жеміс-көкөніс өнімдері – 100 тонна,
- сүт өнімдері – 50 тонна,
- басқа да өнімдер – 130 тонна.
Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Әбілқайыр хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді.