Екібастұзда ер адам өзін өртеп жібере жаздады

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
953

Екібастұзда түн ішінде темекі тартуға шыққан ер азамат кездейсоқ өз киімін өртеп, ауыр күйік алған. Оқиға туралы ақпаратты Павлодар облысының ТЖД растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жағдай 14 қарашаға қараған түні Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.

Ер адам мас күйінде сыртқа темекі тартуға шыққан. Ал оның сырт киімінің қалтасында спирт толы ыдыс жатқан, ал сұйықтықтың бір бөлігі киіміне төгіліп кеткен.

«Ер адам темекісін тістеп тұрып еңкейген кезде киімі от алып, лап ете түскен. Ол тез арада үстіндегі өртенген киімді шешіп үлгерген. Көршілері өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД. 

Мамандардың айтуынша, зардап шегушінің жағдайы ауыр. Медицина қызметкерлері ер адамнан көк төс аймағының күйігін, иық пен сан бөліктерінің күйігін, жалпы 20% дене күйігін, белгісіз затпен улану белгілерін анықтаған.

Қазіргі таңда ол ауруханада қажетті ем алып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...