Мұрат Бисембин белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында ауыр дерті жайлы айтты, деп х...
«Бір мықты сызып тастапты»: 55 жасында орденге ұсынылған Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты
ашық дереккөз
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева 55 жасқа толуына орай мемлекеттік орденге ұсынылғанын, алайда кандидатурасы мақұлданбағанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әнші соңғы уақытта өнер адамдарына беріліп жатқан мемлекеттік атақтар мен марапаттарға қатысты көп сұрақ алғанын айтты. Оның сөзінше, 2014 жылы өзіне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген. Сол кезеңде «Халық әртісі» атағы қолданыстан алынып тасталғандықтан, бұл марапаттың мәртебесі жоғары болғанын еске салды.
Алайда жақында 55 жасқа толуына байланысты мемлекеттік орденге ұсынылған әншінің кандидатурасы өтпей қалған.
«Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. "Лайықсыз" деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Өнер иесі өзін марапатқа лайықсыз деп таныған адамның кім екенін нақтыламады. Сондай-ақ кандидатурасының қандай себеппен қабылданбағаны жөнінде қосымша мәлімет бермеді.
Әншінің бұл мәлімдемесі өнер өкілдеріне мемлекеттік марапат беру мәселесі талқыланып жатқан тұста жарияланды.