Алматыда ауруханаға түскен оқушылар саны 51-ге жетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің тағы үш оқушысы ауруханаға жеткізілді. Осылайша, ауруханаға жатқызылған балалар саны 48-ден 51-ге өсті. Оқу-ағарту министрлігі жағдайды бақылауға алып, мектепке мониторинг тобын жіберді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барып, ем қабылдап жатқан оқушылардың жағдайымен танысты. Оның мәліметінше, бұған дейін ауруханаға 43 ұл мен бес қыз жатқызылған. Кейін тағы үш бала жеткізілген. Оқушылардың жағдайы тұрақты, оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мектепте Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, тиісті аумақтық органдардың және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының өкілдерінен құралған мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр. Министрлік мектептің директорлар кеңесі мен басқармасына балалардың тамақтануын, санитариялық талаптардың сақталуын және оқушылардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін 12–14 қазан аралығында мектептің 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскені хабарланған еді. Тағы алты бала интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынған. Оқушыларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мектеп асханасын тексеру кезінде азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғаны анықталған. Инфекцияның көзін анықтау үшін су мен тағамнан сынамалар алынып, асхана қызметкерлері тексерілген. Зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арандатушы видеоларымен және көлікті қауіпті жүргізуімен танылған 28 жастағы «Nazarrollan&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толм...