Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер б...
Қарағанды облысында екі баласын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды
Фото интернеттен
3007
Қарағанды облысында екі баласын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
4 сәуірде Бұқар Жырау ауданының елді мекендерінің бірінде 2-4 жас аралығындағы балалардың денесі табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Іс Қарағанды облысы ПД бастығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.