Құрметті отандастар!Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.Кор...
«Әжетханада құлап, қараусыз қалған»: Шу ауруханасында қайтыс болған жүкті әйел туралы тың дерек шықты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Шу көпсалалы аудандық орталық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты Руслан Өтепбай тәуелсіз зерттеу жүргізді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Журналист Шу ауданына барып, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтады.
"25 жасар келіншек жүктілігінің 33 аптасында Шу қалалық ауруханасына түседі. Әдемінің жақындарының айтуынша, ол 9 наурыз әжетханада қан қысымынан құлайды. Сол күні таңертең құрсақтағы баласын дәрігерлер алып тастайды-мыс. Ал келіншектің өзі 22 наурызға дейін комада жатып, сол күні жан тапсырады.
Әдемінің ата-анасы дәрігерлер уақытында көмек көрсетпеді деп күйініп отыр. Әжетханада құлаған Әдемі жарты сағаттай қараусыз жатып қалған дейді туыстары. Ең сорақасы марқұмның мәйітін күйеуі белгісіз бір бөлмеден тауып алған", - делінген Руслан Өтепбай парақшасында.