Алматыда автобус жүргізушісі көлікті басқару кезінде көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
537

Алматыда Жетісу ауданының көшелерінің бірінде автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, № 131 бағыттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

Бастапқы деректер бойынша қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады.

Полиция аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Баспанасы өртеніп, қиын жағдайға тап болған отбасыға қазақстандықтар 72 күннің ішінде жаңа үй салып...

Шоу-бизнес

«Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы Дәрия Қуатжан әлеуметтік желідегі парақша...