Рыбакина Сауд Арабиясында өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Фото: Abbie Parr/Getty Images Sport/Getty Images

ЖАҢАЛЫҚТАР
1174

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отандық спортшы турнирдегі алғашқы кездесуінде америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Матч 58 минутқа созылды.

Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Серена Уильямс тобына түскен қазақстандық теннисші келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) өткізеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...