Руслан Жақсылықовқа қатысты жағымды хабар тарады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
544

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бірнеше лауазымға жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атап айтқанда, Нұржан Қажыақбаров Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ал Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болды. Бұл қызметке Геннадий Зуев те тағайындалған.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігін 2022 жылдан 2025 жылдың маусымына дейін басқарды. Ол бұл қызметке Қаңтар оқиғаларынан кейін келген еді.

Министр қызметінен кеткеннен кейін Жақсылықовтың Қауіпсіздік кеңесі аппаратына тағайындалуы белгілі болды.

Кадрлық өзгерістер мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды үйлестіру және аппарат қызметін күшейту мақсатындағы шаралардың бірі ретінде қарастырылып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...