Алматының шет жағындағы жекеменшік секторда түнде жылу құбыры жарылып, қайнаған су көшелер мен тұрғы...
Алматыда самокат мінген ер адам жиектасқа соғылып көз жұмды
Фото: freepik
271
Алматыда самокат мінген ер адам жиектасқа соғылып көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға Төле би даңғылына жақын орналасқан Варламов көшесінде болды. 44 жастағы алматылық электрсамокатпен келе жатып, оны басқара алмай қалған.
Оқиға орнына дәрігерлер келіп, реанимация шараларын жасағанына қарамастан ер адам қатты соққы салдарынан көз жұмды.
Марқұмның басында шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдары болмаған.