Шавкат Рахмоновтың экс-жары желідегі жазбаларға жауап берді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
14

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова TikTok-та өзі туралы тараған пікірлерге қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Гүлайым Рахмонова TikTok-та өзін талқылаған парақшадағы жазбаны оқып шыққанын айтып, әркімнің оқиғаға өзінше баға беріп жатқанын жеткізді.

«Жарайды енді, мен жаман келін болған екенмін. Ал екінші қайынағамның бірінші әйелі не үшін ажырасып кетті? Ол туралы айтсам, ауыр болады естіген адамға», – деп жазды ол.

Оның сөзінше, Алматыға көшіп келгеннен кейін өзін «жаман келін» деп бағалайтын жағдайлар көбейген. Гүлайым осыған байланысты отбасындағы тұрмыстық мәселелердің бірін де мысал ретінде келтірді.

«Америкада жаттығып жүрген азаматқа мамасы телефон соғып, “әйелің қызымның носкиін қолымен жумады” деп айтқан. Мен “жумаймын, өзі жусын немесе кір жуатын машина тұр” дегенмін», – деді ол.

Сондай-ақ Гүлайым Рахмонова желідегі жазбада Шавкат Рахмоновтың ағаларының балаларымен түскен суреті жарияланғанын айтып, бұл әрекетті «саясат» деп бағалаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жеті жасар қызға күндіз көшеде бәзбіреу шабуыл жасап, зорламақ болған, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап ізде...