Психикалық дертке шалдыққан науқастарды қанаған директорға нақты міндеттер жүктелді

Фото: orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2751

Абай облысында әрекетке қабілетсіз адамдарды қанаған директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Тексеру барысында №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына қанау фактісі анықталды.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

«Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған», - деп хабарлады облыс прокуроры Ерлан Абаев.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша, уәкілетті органдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды. Есіктің үстіндегі жалғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...