Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының мүшелеріне алдағы президент са...
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ұлттық ұлан сарбазы күміс медаль алды
Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан отандасымыз Еламан Қойшыбаев күміс медаль жеңіп алды.
Жарыстың соңғы күні қазақ күресінен алты салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтауда дода қыза түсті. Айта кетсек, бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 60-тан астам балуан келген, оның 19-ы - бұрымдылар.
Еламан Қойшыбаев келісімшарт бойынша Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол жедел мақсаттағы батальон құрамында қаланың қоғамдық қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етеді. Жарыста Еламан Үндістан, Түрікменстан, Иран және Әзербайжан балуандарына қарсы төрт жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Мен бала кезімнен спортпен айналысамын. Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери борышымды өткеріп жатырмын әрі спорттық жарыстарға дайындаламын. Әрбір азамат – өз Отанын қорғау үшін физикалық тұрғыда әрдайым дайын болуы керек деп санаймын. Ұлттық гвардия қолбасшылығы маған үнемі қолдау көрсетіп, спортпен шұғылдануыма жағдай жасап отырады. Бүгінгі жеңісімді командирлеріме арнай отырып, оларға алғыс айтқым келеді, – дейді Еламан Қойшыбаев.