Зорлық жасаймын деп қорқытқан Ақтау тұрғынына сот үкімі шықты

видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
363

Ақтауда сот жергілікті тұрғынды 30 тәулікке қамауға алды. Ер адам қала жағалауында қызбен болған жанжалға байланысты кінәлі деп танылды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Сот мәліметінше, 3 тамызда бір күн бұрын, яғни 2 тамызда жағалауда жанжал шығарған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралған. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындаған.

«Құқық бұзушының кінәсі полиция қызметкерінің рапортымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, №9649 медициналық куәландыру қорытындысымен және оқиға орнындағы бейнежазбамен толық дәлелденді», – деп хабарлады сот.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша 60-тан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 15 тәуліктен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Сот ең жоғары жазаны таңдап, ер адамды 30 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін, 2 тамызда әлеуметтік желілерде ер адамның қызды ұстап тұрғаны, оған қорқыту сөздерін айтқаны және артынан аңдығаны бейнеленген видеолар тараған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...