“Бұл жерден өлігің шығады”: Нұрайды өлтірген жігіт изоляторда қысым көргенін айтты

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
556

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. Оған қызды еркіне қарсы алып кеткен, аңдыған, 35 рет пышақ жарақатын салған, өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен деген айып тағылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сотта Шерхан Аймахан тергеу изоляторында, сондай-ақ Алматы облысының Ақтас кентіндегі қарқынды бақылауы бар мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада қысым көргенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, аурухана қызметкерлері оған қоқан-лоқы көрсеткен.

«Бұл жерден тек өліп шығасың», – деп айтқанын сотталушы жеткізді.

Ал тергеу изоляторында азаматтық киім киген белгісіз адамдар одан өзі, айтуынша, есінде жоқ оқиға туралы айтып беруді талап еткен.

Айта кетейік, айыпталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Ол қылмысты аффект жағдайында жасағанын алға тартады. Алайда сарапшылар Нұрай Серікбайға пышақпен соққы жасаған кезде оның өз әрекетінің қауіптілігін түсінгенін және аффект жағдайында болмағанын анықтаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалып, 21...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев өнер саласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайд...