Шымкентте жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі қоқыс жәшігінен табылды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1876

Шымкентте екі апта бұрын жоғалып кеткен 26 жастағы қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды.

Таратылған бағдарламаға сәйкес, 1999 жылы туған Оңғарбаева Дияна Тастанбекқызы 21 шілде күні Нұрсат шағын ауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткеннен кейін жоғалып кеткен.

Полиция мәліметінше, қыздың мәйіті қоқыс контейнерінен табылған. Ол адам өлтірілгеннен кейін сол жерге тасталған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде", – деді Шымкент қаласының полициясы.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...