Алматыны дүңгіршектер мен күш сынайтын аппараттардан тазартып жатыр

Фото: atasotandas

ЖАҢАЛЫҚТАР
1851

Алматыны қала көшелерінде толып кеткен заңсыз дүңгіршектер мен күш сынайтын аппараттардан тазартып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақпан айының басынан бастап 300-ден астам нысан, оның ішінде 222 күш сынайтын аппарат орнынан алынды.

Бұл кампания қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполис тұрғындарына жайлы жағдай туғызу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Бастама қарапайым халық тарапынан қызу қолдау тапты. Өйткені мұндай дүңгіршектер мен күш сынайтын аппараттар көп жағдайда адамдар жүретін жолдың үстіне қойылған және олар санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның үстіне өте шулы.

Жоспар бойынша қалған 200-ден астам нысанды бөлшектеу жұмыстары 15 наурызға дейін аяқталуға тиіс. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...