Мысырда бір елдің 3 елшісі көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1437

Газадағы жағдай бойынша келіссөздерге қатысу үшін келген Қатар делегациясының үш мүшесі Мысырда жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Басылымның арабтілді БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға келіссөздер өтіп жатқан Шарм-эш-Шейхте болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қатар премьер-министрімен бірге келген делегацияның үш мүшесі қаза тапқан. Тағы үшеуі жараланып, Шарм-эш-Шейх халықаралық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

MBC Egypt тілшісі оқиғаның Шарм-эш-Шейхтен 50 шақырым жерде болғанын хабарлады.

Төтенше жағдай әлемде қоғамдық резонанс тудырды, өйткені жол апаты Газадағы жағдай бойынша шиеленіске толы келіссөздер аясында болды.

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" мамандары 1, 2 және 3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Спорт журналисі Аслан Қаженов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен арада болған жағдай туралы жа...