«Алтын көпір»: «Бейнеу–Сексеуіл» магистралі халықаралық дәлізге айналады

Фото: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
19

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Қазақстанда құрылысы биыл тамыз айында басталған «Бейнеу-Сексеуіл» автомагистралі пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау қашықтығы 1 мың шақырымға, ал жеткізу мерзімі үш күнге дейін қысқарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Time Business News басылымы бұл магистраль құрылысының басталуын Қазақстанның көлік саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың жаңа кезеңі деп атап өткен.

Тамыз айының басында Қазақстанда ел Президентінің рұқсат беруімен бірден бірнеше ірі автомагистральдың құрылысы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «Бейнеу-Сексеуіл» трассасы өңірлер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп қана қоймай, негізгі халықаралық көлік дәлізіне айналуы мүмкін. Авторлардың пікірінше, бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағытын нығайтуға бағытталған маңызды жоба.

Басылым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бейнеу-Сексеуіл» автомагистралін Қытай мен Еуропа арасындағы «алтын көпір» деп атаған сөзін келтіреді. Ол Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады.

Қазақстан Қытаймен әлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлық шекарасына ие және Каспий теңізіне тікелей шыға алады. Осы арқылы ел 3 млрд-тан астам адамнан тұратын нарықтарды байланыстырады. Автомагистраль құрылысы аяқталғаннан кейін жүк тасымалдау қашықтығы шамамен 1 мың шақырымға қысқарып, жеткізу мерзімі үш күнге дейін азаяды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...

Медицина

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің баланың сынған аяғының орнына сау аяғына гипс салғаны туралы видео қ...