Қоғамда тағы бір шу шықты. Бірер күн бұрын танымал блогер Құлпынай Калменова күйеуінің 10-11 жаста...
Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: Silk Way Star
Астанада Silk Way Star алғашқы азиялық ән жобасының ақтық сайысы аяқталды. Моңғолиядан келген Мишель Джозеф байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жеңімпаздың есімін Димаш Құдайберген жариялады.
Мишель Джозеф – Моңғолияның танымал әншісі және ән авторы. Ол өз шығармашылығында дәстүрлі уртын ду (созылмалы әндер) жанрын поп, R&B және фанк элементтерімен ұштастырады. Әртіс моңғол және ағылшын тілдерінде ән салады.
Silk Way Star финалы Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ, шоу Әзербайжандағы Space TV, Тәжікстандағы "Сафина", Қырғызстандағы "Музыка" және "Маданият", Моңғолиядағы UBS және "АИСТ Глобал", Өзбекстандағы Zor TV, Грузиядағы Georgian Times телеарналарында да көрсетілді.
Финалда жеті әртіс өнер көрсетті. Олар: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай).
Алғашқы маусымның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталды: 50 пайызы – қазылар алқасының шешімі, 50 пайызы – онлайн-дауыс беру нәтижесі.