Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы...
Алтын шахтасы опырылып, 14 адам қаза тапты
Фото: ЖИ арқылы өңделді
Колумбияның оңтүстік-батысында заңсыз алтын өндірілген шахта опырылып, 14 адам қаза тапты. Тағы жеті адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға елдің Нариньо департаментінде болған. Жергілікті билік өкілдері шахтадағы апат салдарынан адамдардың қаза тапқанын растады.
Нариньо губернаторы Луис Альфонсо Эскобардың мәліметінше, оқиға орнындағы іздеу-құтқару жұмыстары толық аяқталған.
Апат салдарынан 14 адам өмірден өтіп, жеті адам зардап шеккен.
Қайғылы жағдайдан кейін Нариньо губернаторы Колумбияның орталық билігіне үндеу жасады.
Ол Ұлттық тау-кен агенттігі мен Тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрлігін заңсыз және шағын тау-кен кәсіпорындарының қызметін заңдастыру жұмыстарын жеделдетуге шақырды.
Өңір басшысының пікірінше, мұндай қадам кен орындарындағы еңбек жағдайын жақсартып, қауіпсіздік талаптарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл Колумбияда алтын өндіру кезінде болған алғашқы қайғылы жағдай емес.
Бірнеше ай бұрын елдің Поликарпа қаласында да шахта опырылып, 13 адам көз жұмған еді.
Басылым мәліметінше, Колумбияның ауылдық өңірлерінде пайдалы қазбаларды заңсыз және тиісті бақылаусыз өндіру кең таралған.