Мақпал Жүнісова 90 жастағы тыңдарманын қуантты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
68

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Ақтөбедегі жеке концертінде 90 жасқа толған тыңдарманына 100 мың теңге сыйлады. Әншінің бұл әрекеті көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Концерт барысында тыңдармандардың бірі сахнаға жақындап, 90 жасқа толған анасын әншінің концертіне арнайы ертіп келгенін айтқан. Мұны естіген Мақпал Жүнісова қарияны туған күнімен құттықтап, оған 100 мың теңге ақшалай сыйлық тарту етті.

Әншінің бұл сәтін залда отырған көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған. Кейін бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Желі қолданушылары өнер иесінің жомарттығына тәнті болып, жылы пікірлерін қалдырды.

«Жомарт десе, жомарт қой. Мақпал апай, аман болыңыз!», «Пейілі кең адам ғой», «Бұл кісі осындай жомарттығымен ерекше», «Не деген жомарттық, аман болыңыз», – деп жазды олар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...