Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан...
Оң реформалар басталды
Асылбек Баяжұма, Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Геральдика орталығының директоры:
– «Қаңтар оқиғасынан» кейін өзгерістер болмады деп айту – жөнсіз. Жасырары жоқ, қоғам 30 жыл бойы келе-келе билікке сенбейтін дәрежеге жетті. Кешегі қаңтар оқиғасында мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылғандар да болғаны жасырын емес. Сол оқиғаның соңы жазықсыз жандардың өліміне әкелді. Бейбіт шеруге шыққандар, полиция қызметкерлері құрбан болды. Мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендер ойран салмағанда, мұндай қырғын болмас еді.
Әйткенмен оң реформалар басталды. Мәселен, референдумды айтсақ болады. Көпшілік «Жаңа Қазақстан» идеясын қолдауы қажет деп санаймын. Рас, мемлекеттің экономикалық проблемалары баршылық. Тұрмыстық мәселелер де күрделі. Тек шикізат шығаруға тәуелді болып қалған елміз. Көп салада, тіпті, интернеттің де трафигін Ресейден аламыз. Дегенмен оң өзгеріс керек екен деп өзге елдермен байланысты үзуге болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әккі дипломат ретіндегі ісіне сенемін. Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмейді. Ең бастысы – болашақта экономикалық тәуелділіктен құтылудың жолын қарастырған абзал. Иә, елде білімді жастар көп, бірақ тәжірибелі жастар аз. Кадр мәселесі бар, келешекте елді басқара алатын азаматтарды тәрбиелеу де маңызды. Қаңтарда жазықсыз құрбандар болды, оларды еш жақсылық болмайды деп арандатқандардың да бары анық. Сондықтан мемлекет алдағы кезеңде саяси, экономикалық тығырықтан шығуды ойлау қажет.