Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

Жаңалықтар
539

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Ұлыбритания Біріккен Корольдігіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Іс-шара аясында Қазақстан мен Ұлыбритания маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Ұлыбританияның өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі Нусрат Ганимен кездесті. 

Вице-министр «технологиялардың орнына шикізат, қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру» сияқты Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттарын атап өтті. Сондай-ақ, британдық компанияларды Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.

Нусрат Гани өз сөзінде қазақстандық делегацияны құттықтады. Екі тараптың ұзақ мерзімді әріптестікті қалыптастыру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Министр Жол картасына қол қоюды ризашылықпен атап өтті, бұл Лондон мен Астана арасындағы аса маңызды шикізат саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылды практикалық жазықтыққа көшіру жөніндегі маңызды оқиға болып табылады. Әрі қарай ілгерілеудің негізі болатын жылдам нәтижелерге қол жеткізуге деген сенімін растады. 

Іс-шара аясында сондай-ақ В2В кездесулер өтті, онда ҚР және Ұлыбритания кәсіпкерлері маңызды шикізат материалдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерінің кең ауқымын және нақты жобалық ұсыныстарды талқылай алды. Сондай-ақ, қазақстандық және еуропалық компаниялардың өкілдері өз жобалары мен қызметтерін таныстырды.

Сондай - ақ, G2B шеңберінде Британдық тау-кен өндіруші, металлургиялық компаниялармен және techmet, Maritime House Ltd, Ionic Rare Earth, Mkango Resources Ltd., Haig Barrett Partners және FSEE кәсіпорындарымен кездесулер өткізілді.

Танысу сапары аясында Cornish Lithium, British Lithium Pilot Plant, HyProMag, Rolls-Royce, Materials Processing Institute және т.б. сияқты британдық компаниялардың өндіріс орындарына сапары ұйымдастырылады.

Аталған іс-шаралар Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...