“Ана мен бала қазасы”: Алматы облысында суға кеткен баланың денесі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1275

Алматы облысы Талғар ауданында өзен ағысы алып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 21 маусымда Алматы облысы Талғар ауданындағы "Маралсай" курорттық демалыс аймағында қайғылы оқиға болған еді. Кәмелетке толмаған бала мен оның анасы өзенге құлап кеткен.

Алматы облысы ТЖД-ның Жедел-құтқару жасағы мен Республикалық жедел-құтқару жасағының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі табылып, судан шығарылды.

Облыстық ТЖД өкілдері қаза болған баланың отбасына және жақындарына көңіл айтады. Құтқарушылар су жағасында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...