Дүңгіршекте самса жеп жүрген тышқандар Көкшетаулықтарды шошытты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2715

Әлеуметтік желіге Көкшетаудағы дүңгіршектің бірінде тышқандардың самса жеп жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Кадрдан тышқанның самсаны аралап, емін-еркін жүгіріп жүргенін көруге болады. Қаланың автовокзал ауданында орналасқан дүңгіршектен енді адамдар тамақ алмаймыз деп шулап жатыр.

Тексеру кезінде дүңгіршек жұмыс істемеді. Нысан басшысының айтуынша, оның қызметі 26 қыркүйектен бастап тоқтатылып, жақын арада дүңгіршекті бөлшектеу жоспарланған. Бұдан басқа, объектінің басшысымен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде көзделген санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп мәлімдеді Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...