Ақтөбеде газ құю бекетінде өртенген көлікте үш мәйіт табылды. Станция иесі қамауға алынды, деп хабар...
Аңға шығып, ажал құшты: Көкшетау маңында 64 жастағы ер адам оққа ұшты
әлеуметтік желіден
Ақмола облысында аңшылық кезінде қайғылы жағдай болып, 64 жастағы ер адам оқ тиіп қаза тапты. Оқиғаға байланысты қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қайғылы жағдай 6 қыркүйекте Зеренді ауданындағы аңшылық шаруашылықтарының бірінің аумағында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, аң аулау кезінде Көкшетау тұрғынына тиесілі аңшылық мылтықтан абайсызда оқ атылған. Салдарынан 64 жастағы ер адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
Ақмола облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты қалай болғаны анықталып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында тексерілмек.