Ақмола облысында трактор оқушы қызды жаншып кетті

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2094

Ақмола облысының Зеренді ауылында трактор кішкентай қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы өңірдің полиция бөлімі хабарлады. Трактор қыз баланы жолдан өтіп үлгермек болған кезде қағып кеткен. Учаскелік полиция қызметкері оқиға туралы әлеуметтік желіден біліп, апатқа қатысушыларын іздей бастады.

Дерек бойынша, оқиға 17 сәуірде Ленин-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды.

«Трактор жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 600-бабы 1-бабы, 595-бабы 1-бабы, 611-бабы 2-бабы бойынша жауапқа тартылды», - деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Құқық қорғау органдары оның нәтижелерін алғаннан кейін қосымша шаралар қабылдайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанға шетелдік төлқұжа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...