Отандық сериалдарда ойнаған актер мен футболшы қазақстандықтарға есірткі сатқан, деп хабарлайды MADE...
“Еркектің жетістігі 50% әйелге байланысты”: Forbes миллионері табысты еркектің сыры неде екенін айтты
Фото: видеодан скриншот
Forbes миллионері табысты еркектің сыры неде екенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Forbes-та 21-орында тұрған миллионер, кәсіпкер Қанат Көпбаев журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында, жетістікке жеткен ер адамның табысында әйелдің де үлесі болатынын түсіндірді.
“Кез-келген еркектің жетістігінің артында 50% әйелі тұрады”. Әйел күйеуін қолдау керек, көмекші, психологы бола білу керек, тыңдайтын адамы да болу керек. Отбасын қарайтын адамы болу керек. Біз бір жаққа кетіп бара жатқанда отбасында мәселе болса, сен жұмыс істей алмайсың ғой. Әйел мен еркектің арасында синергия болмаса, еркек 1-2 жылдан кейін төменге кетеді. Өз өмірімде осындай көп нәрсе болды”, - дейді табымты кәсіпкер.
Сонымен қатар, Қанат Көпбаев “Қыздар оқып, жақсы күйеуге шықса болды” деген менталды түсінікпен келіспейтінін, бизнестн ер мен әйел тең екенін айтып өткен.
“Менің 4 қызым бар. Мен “олар неге үйде отыру керек” деп ойлаймын. Олар шетелде оқып келді, неге оқып келіп үйде отырады. Ол да керек, отбасына барлығы керек. Бірақ, менің ойымша әйелдердің білімі еркектердікінен қалыспайды”.