Оқушыларды алдаған: Шымкентте 20 жастағы жігіт ата-аналардың ақшасын сыпырып алған

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
179

Шымкентте 20 жастағы жігіт оқушыларды ойын арқылы алдап, ата-аналарының картасынан ақша алдыртқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол танымал Free Fire онлайн ойыны арқылы жасөспірімдермен байланыс орнатып, 20-дан астам баланың ата-анасының есепшотынан ақша алған. Жәбірленушілердің бірі Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып, банк есепшотынан 380 мың теңге заңсыз шешілгенін айтқан. Тексеру барысында жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы ұялы телефонмен ойын ойнап отырғанда, белгілі бір «бонустар» мен «ұтыстарға» қызығып, алаяқтың арбауына түскені анықталды.

Алаяқ жасөспірімді алдап, банк картасының деректері мен телефонға келген құпия SMS-кодты сұрап алған. Содан кейін ол есепшоттағы қаражатты жымқырған. Күдіктіні тінту кезінде одан қылмыстық әрекеттерге пайдаланылған 5 ұялы телефон тәркіленді. Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны 60-тан астам жасөспіріммен ойын ішінде байланыс орнатқан болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция ұсталған азаматтың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. 

СҰХБАТТАР

Қазақтың  әйгілі  күйшісі, Күй  анасы  атанған Дина Нұрпейісованың туғанына биыл...

PESTEL

Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад өзінің қаза болғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығ...