Әнші Төреғали Төреәлі ел күтпеген мәлімдеме жасады (ФОТО)

SN.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
152

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік күтпеген жаңалығын бөлісті. Өнер иесі отбасымен бірге Түркістан қаласына қоныс аударғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Әнші бұл шешімнің жай ғана көшу емес, саналы түрде қабылданған маңызды қадам екенін айтты. Оның айтуынша, тарихи әрі киелі шаһар – Түркістан ерекше рухани мәнге ие қала.

"Біз Түркістанға көшіп келдік. Бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес, жүрекпен қабылданған шешім. Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, рухы терең, мағынасы мол қала. Мұнда әрбір көше мен әрбір тас өткеннің шежіресін сақтап тұрғандай әсер қалдырады", – деп жазды әнші.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, олар бұл қаланы әдейі таңдаған. Өйткені Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістанның болашағына сенеді.

Сондай-ақ әнші балаларының да осы жерде өсіп, тамырын сезініп, ұлттық рухты бойына сіңіргенін қалайтынын жеткізді.

"Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз өз тамырын сезініп өссін, өміріміздің мәні терең болсын дедік. Біз бұл қалаға қонақ болып келген жоқпыз. Бірге еңбек етіп, бірге өркендеп, тарих жазу үшін келдік", – деді өнер иесі.

Әншінің бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оның таңдауы дұрыс екенін айтып, жылы пікірлерін білдірген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге және басқа да құрылымдарға қауіпсіздік шарала...

ПОЭЗИЯ

БҰЛ ҚАЛАДАБұл қалаға кеп жоғалғандар бар,Тоналғандар бар адасып.Сағынып қайта оралғандар бар,Болашағ...