Павлодарда ұстаз өзіне балағат сөз айтқаны үшін оқушының үстінен арыз жазды

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2897

Павлодар облысында мектепте оқушының өзіне тіл тигізгені үшін мұғалім полицияға арыз жазған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 

Павлодар облыстық Полиция департаменті оқушының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін байқап, оны ұсақ бұзақылық ретінде қарастырды. Тексеруден кейін полиция ата-анасын жауапқа тартты және іс материалдарын сотқа жіберді.

Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық тәртіпті бұзу, соның ішінде тіл тигізу, қорлау, зорлық-зомбылық жасау немесе мүлікті бүлдіру жатады. Осы жылы Павлодар облысында ұсақ бұзақылық бойынша 1 268 адам жауапқа тартылды, олардың 51-і – жасөспірімдер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...