Анталья қаласында 27 жастағы қазақстандық қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
842

Анталья қаласында жол-көлік оқиғасынан 27 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Апат Серік ауданында болған.

Мәліметтерге сүйенсек, «Nefes» газетінің хабарлауынша, түнде такси велосипедпен соқтығысқан. Велосипед тізгінінде Кубат Аманбеков болған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына келген дәрігерлер жас жігіттің қайтыс болғанын ғана тіркеген.

Аманбековтың Анталья қаласындағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істегені хабарланды. Оқиғадан кейін такси жүргізушісін полиция ұстады. Марқұмның денесі Серік мемлекеттік ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Түркия құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайын тергеуді бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 24 тамызда Астана уақыты бойынша с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қабіріне бүгін құлпытас қойылды. Бұл туралы журналист Жан А...