Мырзағали Айтжанов: Нұрбек қазақстандық боксшылардың есесін қайтарды

Спортты дамыту дирекциясы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2885

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Нұрбек Оралбайдың жартылай финалдағы өнеріне баға берді.

"Әлемдегі ең мықты боксшылардың жиналған жарысында әрбір кездесу оңайға соқпайды. Доминикандық қарсыласымыздың жекпе-жектерін көрдік. Мықты деген боксшыларды ұтты. Қандасымыз Тоқтарбекті де жеңген еді. Осылардың барлығын зерттеп, Нұрбекке тапсырма бердік. Қарсыласына шабуылдамай, керек кезде соққы жұмсап отыру керек екенін айттық. Тапсырманы толық орындап шықты. Нұрбек біраз жігіттердің кеткен есесін қайтарды деп ойлаймын. Бастысы жеңісті бізге бергеніне қуанамыз. Финалға да жақсылап дайындалып шығамыз. Бар күшін салады", - деді Айтжанов "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында.

СПОРТ

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада полиция есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын ұстады...