“Ақ келін деген пайдам”: Емші Бағдагүлді енді келіні сотқа берді

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
95

Танымал емші Бағдагүлді келіні сотқа берген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, оқырмандарына жазба жариялады. 

Емші келінінің сотқа шағымданғанын күтпегенін аңғартып, оған қандай да бір қиянат жасағанын түсінбей отырғанын жазды.

«“Ақ келін” деген пайдам. Сотқа беріпті! Бүкіл көрші, ағайын-туысымды, достарымды ертіп барамын, бұйырса. Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?» – деп жазды Бағдагүл.


Оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Оқырмандар келінінің сотқа қандай себеппен жүгінгеніне қызығушылық танытып, түрлі пікір білдірді.

«Жайдан-жай сотқа бермеген шығар», «Не үшін берген?», «Құтылғаныңа қуан», «Сотқа бергені ұят болыпты», «Тойынған екен» деген пікірлер жазылды.

Әзірге келінінің Бағдагүлге қандай талап қойғаны және сотқа жүгінуге нақты не себеп болғаны белгісіз.  

СПОРТ

Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы іріктеу кезеңінің плей-офф ойындары аяқталды. Жалпы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласы...