Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы...
Төрт бап бойынша кінәлі деп танылды: Ақмола облысында мектеп оқушысын өлтірген адам өмір бойына сотталды
ашық дереккөзден
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Целиноград ауданының Ынтымақ ауылында тоғызыншы сынып оқушысының өліміне қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сот процесі жабық форматта өтті. Себебі қаза тапқан Валерия Цындря кәмелетке толмаған болған. Сонымен қатар іс материалдарында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалған қылмыстар да қаралған.
Еске салсақ, 2025 жылдың қараша айында Валерия танысының үйіне кеткен. Кейін анасы Валентина қызының дүкенге жүгіріп кіріп, «Көмектесіңдер!» деп айқайлағаннан кейін дүкеннің табалдырығында құлап, алған пышақ жарақаттарынан көз жұмғанын білген.
Қылмысқа күдікті ретінде 34 жастағы Владимир Виногрон оқиға ізі суымай тұрып ұсталды.
Сот оны Қылмыстық кодекстің бірден төрт бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қаза тапқан қыздың анасы сот үкімінен кейін жанайқайын жеткізді.
«Бұл оған тым жеңіл жаза. Ол әлі де дем алады, тамақ ішеді, су ішеді, жақындарын көреді. Ал менің қызымды ешкім қайтарып бере алмайды. Өмірдің мәні қалмады. Таңертең не үшін тұрып, жұмысқа барып, бірдеңе істеуім керек екенін түсінбеймін. Болашағым жоқ. Менің өзім де жоқ сияқтымын. Уақыт өте келе жеңілдеп қалармын деп күттім. Бірақ ешқашан жеңіл болмайды. Бір нәрсеге сүйенгім келеді, бірақ таба алмаймын. Бұл – жер бетіндегі ең қатыгез тозақ», – деді марқұм қыздың анасы.