Ақбаянның ел көрмеген видеосы шықты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
226

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізген сәті түсірілген бейнежазба көрсетілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, бірқатар айыптармен келіспейтінін айтқан. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын мәлімдеген.

Тергеу органдарының мәліметінше, психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы Сәрсемәлиевтің қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен.

Сондай-ақ тергеу барысында бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағаны хабарланды.

Қазір сот отырыстары жалғасып жатыр. Іс материалдары мен дәлелдемелер кезең-кезеңімен зерттелуде.

Еске салайық, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары екінші тәулікке ұл...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына тосын жазба жариялап,...