Ер адам екі қызымен бірге ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
39

Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға салдарынан әкесі мен оның екі қызы қаза тапқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға туралы ақпарат 13 қазанда жарияланған

Алдын ала тараған мәліметке сәйкес, ауылдағы газ баллонының жарылуы адам өліміне әкелген. Қайғылы жағдай бір отбасының үш мүшесінің өмірін қиған.

Қаза тапқандар – 45 жастағы Хафиз Фахар Заман және оның 17 жастағы Анса Шехзади мен 15 жастағы Хафза Биби есімді қыздары.

Жарылыстан 35 жастағы Шабана Биби ауыр жарақат алған. Ол алдымен жергілікті ауруханаға жеткізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты Равалпинди қаласындағы Holy Family ауруханасына ауыстырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп жатқан жасөспірім оқыс жағдайға тап болды, де...