Ақмола облысында ер адам жүк тиегіш көліктің астына түсіп, көз жұмды

Фото: sputnik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2304

Ақмола облысында ер адам жүк тиегіш көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ sputnik-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Державин қаласынан екі шақырым жердегі қара жолда болған.

Облыстық полициядан мән-жайды білдік.

Алдын ала мәлімет бойынша салонда бір ғана адамға арналған орын болған. Алайда жүргізушімен бірге жолаушы да болған. Жолда ол тепе-теңдігін жоғалтып, трактордың астына құлап кеткен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 

Тергеу жүріп жатыр. 

СПОРТ

Бүгін Астана Аренада ел классикосы өтті. Елордалық “Астана” мен алматылық “Қайрат&...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиға болды. Полицияның мәлі...