Маңғыстау ауданында нөсер жауын-шашын жылқылардың қырылуына себеп болды. Жаңбырдан кейін жануарлар с...
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне шектеу қойылмақ
Фото: ЖИ
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде аккаунт ашуына тыйым салу ұсынылды. Құрылтай мақұлдаған заң жобасындағы бұл шектеу мессенджерлерге қолданылмайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құрылтай бүгін балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік желілерде зиянды контенттің таралуына тосқауыл қою жөніндегі заң жобасын қарады. Құжатта жас шектеуімен бірге контент авторларына қойылатын жаңа талаптар да бар.
Заң жобасына сәйкес, онлайн-платформаларда 5 мыңнан астам жазылушысы бар пайдаланушылар арнайы тізілімге енгізіледі. Ал білім беру бағытында контент жариялайтын авторлар сол салада білімі барын растайтын диплом немесе сертификат деректерін көрсетуге міндеттелмек.
Сондай-ақ заңнамаға “оккульттік қызметтер” ұғымын енгізу көзделген. Мұндай қызметтерді насихаттайтын контентке олардың ғылыми негізі расталмағаны және ойын-сауық сипатында екені туралы ескерту қосылуы тиіс.