Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Эфиопия астанасы Аддис-Абебада С...
Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірген күдікті қолға түсті
Фото: ЖИ
70
Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкерді атып өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға осыдан екі күн бұрын болған. Белгісіз біреу ер адамды өз үйінде атып өлтірген. Кейін марқұмның қаладағы жанармай құю бекеттері желісін басқарған 49 жастағы кәсіпкер екені белгілі болды.
Оқиғадан кейін қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігі де араласқан. Ақтөбеге министрліктің орталық аппаратынан тәжірибелі жедел уәкілдер арнайы жіберілген.
Бүгін полиция күдіктінің қолға түскенін хабарлады. Ол – жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Әзірге қылмыстың нақты себебі мен күдіктінің кәсіпкерге қандай қатысы болғаны жарияланған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.