Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....
«Самұрық-Қазына» қорына су жаңа басшы келеді
Фото: ЖИ
“Самұрық-Қазына” қорына жаңа басшы келеді. Бұл туралы Премьер-министр әрі қордың директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бектеновтің айтуынша, қор мен оның еншілес ұйымдарындағы директорлар кеңестерінің жұмысы күшейтіледі. Әсіресе аудит пен тәуекелдерді басқаруға жауапты комитеттердің рөлін арттыру көзделіп отыр.
Қордың ішкі бақылау және аудит жүйелері де қайта қаралады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтіп, басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру жоспарланған.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті “Самұрық-Қазына” қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен “Қазақстан темір жолы” компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің, сондай-ақ өзге де тұлғалардың ұсталғанын хабарлаған еді.