Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...
Ақордада ауыс түйіс: Президент Әкімшілігіне жаңа орынбасар тағайындалды
ашық дереккөз
Қазақстанда жаңа кадрлық тағайындау болды. Айбек Жексеналыұлы Сыдыков Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Бұл туралы Ақорданың ресми хабарламасында айтылған.
Сыдыков 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсовод болып бастаған. Кейін осы музейде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарған.
2015–2016 жылдары Алматы қаласы музейлер бірлестігін басқарды. 2016–2022 жылдары «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінде бөлім басшысы және директордың орынбасары болды.
2022–2025 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директорының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қарашаға дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.