31 мамыр мен 2 маусым аралығында Астана EXPO Конгресс орталығында алғаш рет Қазақстанда және Орталық...
Қазақстан Үкіметін уақытша Роман Скляр басқарады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.
Бұл жайында Президенттің бүгін жарияланған жарлығында айтылған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Үкіметі бүгін Президент Тоқаевтың жарлығымен отставкаға кеткен болатын.
Роман Васильевич Скляр (8 мамыр1971, Павлодар) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, заңгер, экономист, 2024 жылғы 5 ақпаннан Қазақстан премьер-министрі міндетін атқарушысы, 2022–2024 жылдары Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары.
Бұрын Премьер-министр орынбасары (2019–2022), Инвестициялар және даму министрі (2019) және басқа да лауазымдар иесі болған. Құрмет, Парасат ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен марапатталған.
1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында туған. Украин. Мәскеу қазіргі замандық бизнес институтының «қаржы және несие» факультетін (1999) экономист мамандығы бойынша; Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2005) заңғылымдарының бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
1989 жылдың қаңтарынан ақпанына дейін - «Екібастұз- көміравтоматика» монтаждық жөндеу басқармасының монтажшы слесарі.
1989 жылдың тамызынан - «Қазөнеркәсіптехмонтаж» өндірістік-монтаждық басқармасы Екібастұз кесу құрылыстары басқармасының монтажшысы.
1990 жылдың қаңтарынан - «Вахинвест» біріккен кеңес-батысгерман кәсіпорынының қауіпсіздік техникасы инженері (Павлодар қаласы).
1990 жылдың қазанынан - «Аңсат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директоры.
1999 жылдан - «Тыныс» ЖШС директоры (Павлодар қаласы).
2002 жылдан - ҚР қаржы министрлігінің Жағдайсыз қарызгерлермен жүмыс комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы.
2003 жылдың маусымынан - Павлодар қаласы Коммуналдық меншік басқармасы бастығының орынбасары; Павлодар қаласы Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы.
2005 жылдың қаңтарынан - Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
2005 жылдың сәуірінен - Павлодар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.
2006 жылдың сәуірінен - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
2006 жылдың желтоқсанынан - Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2007 жылдан - Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
2008 жылдан - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдан - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2011 жылдан — көлiк және коммуникациялар вице-министрі;
2016 жылдан — Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты;
2016 жылдың — ұлттық экономика вице-министрі;
2016 жылдан — инвестициялар және даму вице-министрі;
2019 года жылдың 25 ақпанынан— индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
2019 жылдың 18 қыркүйегінен — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2022 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Роман Скляр орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді. Ағылшын мен қытай тілдерін оқиды.