АҚШ-та жеке ұшақ қонар кезде апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1307

Солтүстік Каролина штатындағы Стейтсвилл қаласының әуежайына қонар кезінде қосмоторлы Cessna C550 бизнес-джеті апатқа ұшырады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:20 шамасында болған. Билік ұшақта қанша адам болғанын хабарлаған жоқ.

Округ шерифі Грант Кэмпбелл ұшақ апатынан қаза тапқандар бар екенін растады.

Федералды авиация әкімшілігінің өкілдері (FAA) және Көлік қауіпсіздігі бойынша ұлттық кеңес тергеу жүргізуде.

Х желісіндегі TheNewsTrending аккаунты бортта автожарыс қатысушысы Грег Биффл мен оның отбасы болғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...